«Ата-аналар тобын жүргізу және жеткіншектөрмен жұмыс істеу» білім беру бағдарламасының оқу-әдістемелік қүралы педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының оқытушыларына арналған. Аталмыш оқу-әдістемелік құралын курстың тыңдаушылары және орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары пайдалана алады. Бұл оқу-әдістемелік құралының материалдары оқу орнының деңгейінде отбасылармен жұмыс істеуге тартылатын субъектілердің жұмысын реттеуге, сонымен қатар, ата-аналармен және жеткіншектермен жүмыс істеу мәселелері бойынша білім беру жүйесінің мамандарының құзыреттілігін арттыруға көмектеседі. Теориялық түсіндіру педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын тереңдетеді, ал таратылатын(қолдану) материалдары алынған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру үшін негіз болады. Оқу-әдістемелік қүралын білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасарлары, сынып жетекшілері және басқа да педагогтар пайдалана алады.