
Бұл Әдістемелік ұсыныстарды Қоғамның дамуын ақпараттық қолдаудың жеке қоры 2019 жылғы 26 наурыздағы № 25 «Аймақтар бойынша, оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды жүргізу» гранты туралы келісімді орындау барысында, «Аймақтар бойынша, оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындардың қажеттіліктері мен сұраныстарын бағалауды жүргізу әдістемесіне-Тұрғындардың қажеттіліктері мен сұраныстарын әлеуметтік зерттеу бағдарламасына сай әзірледі. (1 қосымша). Әдістемелік ұсыныстар аймақ бойынша, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықтың қажеттіліктерін анықтауға және бағалауға, анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жасауға уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, зерттеу компаниялары мен топтарының, жеке тұлғалардың пайдалануына арналған.